21.04.2016, 17:17
Оқылды: 54

Табиғат ескерткіштері жастар назарында

Terekti tabigat    Федоров ауылы, Барбастау өзені жағасында БҚО табиғат ескерткіштері "Барбастау өзені" экологиялық экспедициясының ашылуы болып өтті.

     2 күнге созылатын аталмыш экспедицияның ашылу салтанатына облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры В.Фомин, орталық директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Адилова, орталықтың экология бөлімінің меңгерушісі, экспедиция жетекшісі Н.Гатауов және Федоров селолық округі әкімі М.Энгелов қатысты. Экспедиция жұмыстарына Орал қаласы, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі, Ақжайық, Зелонов, Казталов, Тасқала, Шыңғырлау аудандарының командалары қатысуда.


     Экологиялық экспедиция мақсаттарының қатарында белсенді өмірлік көзқарастары бар жеке тұлғаны және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бар. Ашылу салтанатында сөз алған облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры В.Фомин осындай шаралар жастардың табиғатқа деген құрметін арттыратынына бек сенімді. Сонымен қатар орталық басшысы алдымен өзен жағалауын тазартуды қолға алу керектігін атап өтті.

     Шара барысына аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан құрылған «Ди алем-шоу» би тобы мен жас әнші Ә.Жанәбілов көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

www.zhaikpress.kz

Әділет ЗЕРЕ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале