7.04.2016, 19:19
Оқылды: 47

Табиғат тосын мінезін көрсетті

?

     Сәуірдің 6-сы күні Шыңғырлау ауданының Алмаз ауылында тобықтан асатын қар жауды. Жазғытұрым келіп, қар біткеннің бәрі еріп болып, мал далаға шыға бастағандағы табиғаттың тосын мінезі тұрғындарды біраз елеңдетті.


     Түн ауа жауа бастаған қар таңғы 9 дейін толассыз жауып, сәл тыныстап, түстен кейін қайта жауып кетті. Көктемнен үмітті көпшілікті біраз әбіржіткен қар бүгін ғана, 7 сәуір күні ери бастады.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале