4.02.2016, 17:31
Оқылды: 21

Табиғи таза суға сұраныс көп

  Rodnik su Бүгін облыс әкімі жанындағы баспасөз қызметі ұйымдастырған кезекті баспасөз-туры «Uralsk Spring» Кристальная» атауымен таза ауыз су өндіретін «Фирма Родник» ЖШС-де  жалғасын тапты.

         2001 жылдан бастап облыста алғашқылардың бірі болып таза ауыз  су өндіре бастаған  бұл серіктестіктің «Uralsk Spring» Кристальная»  атауымен нарыққа шыққанына  биыл 15 жыл толмақ. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысын ғана емес, Атырау, Ақтау облыстарымен қатар, Ресейдің көршілес аудандарын да таза сумен қамтамасыз етіп келеді.


         - 2015 жылы бұл өндіріс орны заманауи жабдықтармен жабдықтаған жаңа кешенге көшірілді. «Фирма Родник» ЖШС ауыз су өнімдерінің газдалмаған 5л, 19л бөтелкелі,  газдалған және газдалмаған 0,5л, 1 л, 1,5 литр  бөтелкелі түрлерін өндіреді. Жыл өткен сайын сұраныс та көбеюде. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша алынған несиені кезең-кезеңмен өтеп келеміз. Қала бойынша 5 жұмыс орнын ашып, 121 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Біздің басты мақсатымыз халықты таза әрі пайдалы ауыз сумен қамтамасыз етуді көздейді. - дейді компания жетекшсі Лилия Хайруллина.

         Аталмыш серіктестік 15 жыл ішінде сәйкесінше көптеген сапа сертификаттарына ие болған. Соңғы кездері өнім түрлері мен қызмет көрсету саласын да кеңейткен. Енді тұрғындар ауыз суды ғаламтор сайты мен мобильді қосымша арқылы да тапсырыспен алдыра алатын болады. Бұл табиғи ауыз су енді жаңа қаптамада сатылымға шығарылуда.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале