5.07.2016, 17:22
Оқылды: 28

Тазалыққа салғырт қарауға болмайды

Тазалық         Теректі ауданы әкімі Мұрат Мұқаевтың төрағалық етуімен  кәсіпкерлермен аудан орталығын абаттандыру мәселелері жөнінде жиын өтті.


Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ішкі істер органдарының өкілдері және аудандағы кәсіпкерлердің басым көпшілігі қатысты. Сөз алған аудан басшысы тазалық мәселесін басты назарға қойды. Аудан орталығы саналатын Федоров ауылындағы  тазалықтың сын көтермейтінін тілге тиек қылып,  кәсіпкерлерді осы мәселені жою жолында бірлесе  жұмыстануға шақырды.

Сонымен қатар аудан басшысы кәсіпкерлерге дүкендерінің айналасын абаттандыруды  қолға алуларын тапсырды. Өздеріне тиесілі аумаққа гүл егіп, таңмен және кешке жан-жағындағы қоқыстарды жинастырып көпшілікке үлгі болу керектігін айтты. Жиын барысында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сүлеймен Бахитов және округ әкімі Максим Энгелов сөз алып, ауданның таза болуына кәсіпкерлер де үлес қосса, нұр үстіне нұр боларын айтты.  Ал жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы  Бауыржан Супогалиев елімізде мүлдем төзбеушілік қағидасының бар екендігін сөз етіп, егер көше тазалығын бұзған тұрғындар болса оларға жаза қолданатынын жеткізді.

www.zhaikpress.kz
Әділет ОРЫНБАСАРОВ
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале