6.10.2015, 12:08
Оқылды: 33

Тазалық айлығы басталды

Zelenov senbilik    Зеленов ауданы әкімінің қаулысымен қыркүйектің 18-і мен қазан айының соңына дейін ауданның елді мекендерінің санитарлық жағдайын абаттандыруға арналған айлық өткізілетін болды. Яғни көрсетілген уақыт аралығындағы әр сенбі күні аудан көлемінде сенбіліктер өтеді. Сондай-ақ 10-қазан күні орман аумағын тазартуға арналған сенбілік ұйымдастырылса, орман алқабынан шабылған қу ағаштар қамқорлыққа мұқтаж жандарға тегін таратылады. Айлық қорытындысында «Ең үздік ауылдық округ», «Ең үздік елді мекен», «Ең үздік кәсіпорын» аталымдары бойынша үздік шыққандар мен сенбіліктердің белсенді қатысушылары марапатталмақ.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале