3.10.2016, 18:32
Оқылды: 55

Тазалық пен тәртіп-баршамызға ортақ іс

 %d1%82%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d1%82%d3%99%d1%80%d1%82%d1%96%d0%bf-%d0%b1%d0%b0%d1%80%d1%88%d0%b0%d0%bc%d1%8b%d0%b7%d2%93%d0%b0-%d0%be%d1%80%d1%82%d0%b0%d2%9b-%d1%96   Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жоспарын іске асыруда.


   28 -30 қыркүйек аралығында «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» атты кең ауқымды республикалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – халықта тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру.

         Аталған тақырып  аясында БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің тәртіп сақшылары  бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып,  қоғамдық жерлерде, мәдени көпшілік орындарда, көп адамдар легі серуендейтін орталарда құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шара өткізді. Алдымен шараның мақсаты мен міндеттерін түсіндіру бойынша БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары және Ішкі әскер сарбаздарының қатысумен  жалпы жиналыс өткізіліп, бірлескен жанашырлар қала бойынша бірнеше бағытқа бөлінді. Жыл сайын қаланың түрлі аудандарында ұйымдастырылатын бұл шара бағыты биыл, адамдар легі көп, көптеген құқық бұзушылықтарға жол беретін, тазалық атаулы сақталмайтын сауда аудандарына бет алды. Акцияға қатысушылардың бірі – Құрманғазы көшесінің бойында орналасқан «Школьник» сауда үйі аумағына,  екіншісі - Әбілқайыр даңғылындағы «Астана» сауда үйі аумағына, бірі – Волгоград көшесінің бойында орналасқан «Зашаған» сауда үйі аумағына жол  бастады. Бірнеше бағытқа жол алғандармен бірге қалалық «ТДК-42» телеарнасының операторлары мен тілшілері қоса жіберілді.

         Шара барысында ұсақ бұзақылықтарға, аумақтарда көріктендіру ережелерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру, қоғамдық орындарды ластау, автокөлік салонынан қалдық лақтыру, сондай-ақ, белгіленбеген жерде сауда-саттықпен айналысу секілді құқық бұзушылықтарға аса мән берілді. Әкімшілік полиция басқармасы инспекторларының күшімен қала көшелерінде ұсақ құқық бұзғандар ұсталып,71 хаттама толтырылды.

         Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 615-бабы бойынша жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін 145 хаттама толтырылды.

Акция кезінде «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру бойынша БҚО Ішкі істер органдары тарапынан 1 877 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Иттер мен мысықтарды асырау және ұстау қағидаларын бұзғаны үшін 64 құқық бұзушылық анықталды. Тыныштықты бұзғаны үшін 42 азамат, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде жүрген 274 азамат, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін – 100 азамат жауапкершілікке тартылды. Көлік құралдарын басқару кезінде телефонмен сөйлескені үшін - 61, жылдамдықты арттырғаны үшін – 133, жол үстінде жаяу жүргіншілердің жүруіне жол бермегені үшін – 3 жүргізушіге  әкімшілік хаттама толтырылды.

     Сондай-ақ,  шара аясында облыс бойынша барлығы 44 іс-шара, соның ішінде «дөңгелек» үстел, брифинг, конференция, семинар өткізілді. Аталмыш акция барысында БҚО бойынша қаржы полиция қызметкерлерімен «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын түсіндіру барысында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ішкі істер органдары басшылары, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары және басқа да жергілікті полиция қызметінің  қызметкерлері тарапынан тұрғындар арасында кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

     Аталған тәртіпсіздіктер жасағаны үшін ұсталған азаматтарға сот тарапынан айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу шарасы қолданылатын болады.

                                                                                      Асылай Губашева

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале