27.07.2015, 19:38
Оқылды: 54

«Таза жағалау» сенбілік акциясы

Akjayik taza jagalau akciasi    Жайық өзеннің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында 25 шілдеде Ресей Федерациясының Орынбор және Атырау, Батыс Қазақстан облыстары бойынша бірлескен «Таза жағалау» акциясы өткізілді.

Ақжайық ауданындағы Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне қарасты орман қорының аумағын қалдық-күресіндерден жинауға барлық орман бөлімшелері және облыстық «Жасыл ел» штабының ұсынысына сәйкес келісімшарт бойынша жазғы демалыс мерзімінде жұмыспен қамтамасыз етілген студент-жастар, өзен жағалауындағы ауылдар тұрғындары, еңбеккерлер қатысты. Айталық, мысалы, Қарауылтөбе ауылынан «Масқар» шаруа қожалығының басшысы Қайыржан Төкенов «ГАЗ-53» көлігімен, кәсіпкер Өмірғали Иманғалиев «МТЗ-80» тракторымен, Базартөбе ауылынан «Мұхамбетжанов» жеке шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Мұхамбетжанов «ГАЗ-53» көлігімен, Тайпақтағы паром жетекшісі Саламат Таукешов бастаған азаматтар өзен және қарасу жағалауын тұрмыстық қалдықтардан, құлаған ағаштардан тазартуға қол ұштарын берді.

Сенбілікке жер-жерден, барлығы 195-тен астам адам қатысып, 17 гектардан 75 текшеметр ағаш қалдықтары жиналып, мөлдектер сыртына шығарылды. 30 тонна тұрмыстық қалдықтар, күл-қоқыс жиналды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ.

Ақжайық ауданы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале