Өткен сенбіде Абзал Татмаков атты азаматтың ұйымдастыруымен Тасқалада тазы баптап отырған батыс өңірінің жігіттерінің басқосуы болды. Ашық далада өткен шараның негізгі мақсаты ұясына жаңа толған тазыларды топпен аңға шығу тәртібіне баулып, басқа иттермен селбесе жұмыстануға тәрбиелеу. Қазіргі таңда тазылардың көбі үлкен елді мекендерде өсіріліп жатқандықтан, арнайы қыдыртудан бөлек, ауызданған тазылармен бірге аңға ертіп шығуды аса қажет етеді.
Осыны ескере отырып, ұйымдастырушылар да 6 ай мен 1 жас аралығындағы тазыларды жинады. Оралдан 4, Тасқаладан 2 итбегі жалпы саны 8 тазы қатысты. Ұйымдастырылған шара аңшылыққа жатпайды.
Р.Таңатжан