11.11.2015, 18:24
Оқылды: 43

Тайпақтық өнерпаз балалар халықаралық жарыста жеңімпаз болды

 Kazb Taipak jenimpaz  2015 жылдың 9-10 қараша күндері Атырау қаласында халықаралық «Мәңгі ел – Қазақстаным!» атты фестиваль өтті. Мектеп оқушылары қатысқан осы үлкен сайыста тайпақтық өнерпаз өрендер керемет жетістіктерге жетті.

Ең кішкентай бүлдіршіндер арасында өткен сайыста қобыз аспабының 1 сынып оқушысы, 8 жасар Зарина Халықова (жетекшісі Өтеғалиева Нұрғаным Ермекқызы) мен қобыз аспабының 3 сынып оқушысы, 9 жасар Камилла Меңжанова (жетекшісі Пірімжанова Анаргүл Тынымбайқызы) жүлделі 1 орынды жеңіп алды.

Ал қобыз аспабының 3 сынып оқушысы, 10 жасар Айтолқын Жиенгужиева ортаңғы топ арасында топ жарып, бас жүлдеге ие болды. Жеңімпаз қыздың жетекшісі - Пірімжанова Анаргүл Тынымбайқызы.

Тайпақтық өнерпаздардың бәйгесі мұнымен біткен жоқ. Баяншылар арасында өткен сайыста ортаңғы топ ішінде 4 сынып оқушысы, 11 жасар Диқан Тастаев (жетекшісі Хайруллина Гүлсара Жайлыбайқызы) та жүлделі 1-орынға ие болды.

- Тайпақ балалар саз мектебінде 82 бала оқып жатыр. Бәрі де өнерлі. Филиалдарымыз да көбейіп келеді. Ілбішін ауылында қобыз класын, Сарытоғайда баян класын ашып, шәкірт тәрбиелеп жатырмыз, - дейді мектеп директоры Ғайнижамал Әділова.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале