3.11.2015, 10:03
Оқылды: 34

Тайпаққа келіп, тәжірибе алмасты

Akjayik taipakka tajiribe almasti   Ұлы дала елінің болашақ білімді де белсенді, өнерлі де өнегелі ұрпағын тәрбиелеп шығаруда тың ізденіспен еңбек етіп жүрген ұстаздар облысымыздың зор бір мақтанышы болып табылады. Солардың бірі – Жаңақала ауданындағы Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің жоғарғы санатты оқытушысы Гүлбар Шуақбаева. Ол өнер институтының «Аспапты орындаушылық» бөлімін бітіріп келгеннен бері екі ішекті киелі домбыраны үйренгісі келген шәкірттерге дәріс беріп келеді.

Әр баланың бойындағы қабілет-дарынын ашып, аспаптың құлағында шебер ойнауға машықтандыруда, эстетикалық-рухани тәрбие беруде, әйгілі Құрманғазы, Дина сынды күйшілеріміздің өнерін, шығармашылығын насихаттауда ауқымды еңбек етіп жүрген ұстаздың іс-тәжірибесі әсіресе, жас оқытушыларға үлгі.

Жуырда Гүлбар Тұрланқызы көршілес Ақжайық ауданындағы Тайпақ балалар саз мектебіне келіп, шеберлік сағатын өткізіп, оқытушылармен тәжірибе алмасып, пікір бөлісті. Мысалы, халық әні "Арба", Абайдың "Торы жорға " күйі, Н.Тілендиевтің "Әлқисса" күйі орындалып, талданды. Саз мектебі мұғалімдеріне партия таратылып, бірден ойнатылды. Шеберлік сағаты машықтанумен ұштастырылды. «Д.Нұрпейісованың күйлеріндегі ауыспалы өлшемдер мен күрделі ырғақтар» тақырыбында оқушыларға «Сауыншы» күйін үйретіп, нота бойынша талдау әдістерін көрсетіп, сабақ өткізді.

Сондай-ақ, Қаршыға Ахмедияровтың «Күй анасы», «Көркемсөз бен күмбірлеген күйдің құдіреті», Ш.Айтматовтың «Найман ана», С.Тұрысбековтың «Шығыс жұлдызы» ашық сабақтары оқытушының жан-жақты әзірленген жоспарымен, интерактивті тақта арқылы көрсетілді. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шығармашылық жұмысы – «Абылай ханның маршы» күйі де оқытушының музыканы тарихпен де, әдебиетпен де ұштастырып, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ел тарихынан молынан хабардар етіп отыратындығын сөзсіз байқатты байқатты. «Дина әже ізімен» атты экспедиция мүшесі ретінде көршілес Астрахан облысында да болып, тың деректер жинауы Г.Шуақбаеваның өз мамандығына адалдығын қоғамдық істерде де белсенділігін, ұлттық өнерге жаңашырлығын көрсетеді. БҚО білім басқармасының, облыс әкімінің, «Күншуақ» қоғамдық қорының, «Шалқар» қазақ радиосы ұлттық арнасының, марапаттармен қошеметтелуі де оның еңбектегі ізденісін шүбәсіз айқындайды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале