4.07.2016, 10:30
Оқылды: 25

Талдықұдықтықтар Қазталов ауылында

 Kaztalov Taldibulak «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында «Талдықұдық ауылдық округінің делегациясы  Қазталов ауылына келді.

    «Достық» саябағында жиналған көрермен назарына талдықұдық көркемөнерпаздарының «Тәуелсіздік тірегім, деп соғады жүрегім» атты концерттік бағдарламасы ұсынылды.


    Кеште сөз алған Талдықұдық ауылының әкімі Ақмарал Қуанышқалиева ел бірлігі ынтымағы – біздің баға жетпес байлығымыз, құны жетпес қазынамыз. Осы бірлігі мен ынтымағы жарасқан еліміз өркендеп,көк туымыз мәңгі  желбірей берсін – деген тілегін жеткізді.

   Сахна шымылдығын Эльдар Аманғалиев Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған С. Бәйтерекеовтың «Қазақстан» әнімен ашты.

    Сондай-ақ кеште ауыл өнерпаздары  «Ұлы дала», «Елбасы», «Ауылым» әндерін орындап, мың бұралған бишілердің биі мен  күмбірлеп тартылған  күй халыққа керемет көңіл - күй сыйлады.

    Сонымен қатар Нұрдәулет Жандауов «Қазағымның тарихы» атты көркемсөзді нақышына келтіре оқып, барша көрермен қауымның қошеметіне ие болды.

   Кеш соңында  Қазталов ауылдық округі әкімі Сәрсенбай Молдашев жұртшылық атынан ризашылығын білдіріп, Талдықұдық ауылдық округінің әкімі Ақмарал Қуанышқалиеваға «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы»  мегажобасының кітапшасын салтанатты түрде табыс етті.

www.zhaikpress.kz
Әсем ХАЛИУЛЛИНА

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале