29.07.2015, 10:09
Оқылды: 38

Талтоғайдың қарбызы

Karatobe taltogaidin karbizi   Қалдығайты өзенінің сағасында бау-бақша дақылдарын өсірумен айналысып жүрген бағбан Марат Рүстемұлының бүгінгі тірлігі көп жасқа үлгі боларлықтай.

Талтоғай маңындағы Қалдығайты өзенінің таза суымен суарылғандықтан Мараттың қарбыздары тәтті дәмімен ерекшеленеді. Тың топырақта өніп шыққан бұл өнімнің дәмі расында да тіл үйіреді. Өзге аймақтардың қарбыздарынан ерекшелейтін де осы дәмі. Сондықтан болар, Мараттың қарбызын алып кетуге ел шетінен азаматтар көптеп келіп жатады.
Қарбызды қаржы көзіне айналдыра білген ол өз ісін жетік меңгеріп, өнімді ерте пісіруге де қол жеткізген. Марат ерте көктемде қарбызды бүркемелеп егіп, дайын өнімді шілде айында саудаға шығарып үлгерді. Осылайша, экологиялық таза қарбыз Қаратөбе өңірінен басқа Ақтөбе облысының Миялы, Ойыл ауылдарына жөнелтіліп отыр.

Айта кетелік, 2 гектардан астам жерге бақша, көкөніс дақылдары орналастырылған. Ауданда бау-бақша өнімдерін егумен айналысып жүрген «Марат» жеке кәсіпкерлігінің ісіне ел-жұрт дән риза.

Алқап арнайы тамшылатып суару жүйесі арқылы суландырылатын аппарат жүйесіне қосылып тұр. Бұл істе судан ешқандай тапшылық жоқ.

Шаруашылық басшысы Марат Әлжанов:

- Биыл біз қарбыздың голландиялық сортын ектік. Бұл - жоғары тұқымды өнім. Тұқымдар – элиталық. Тәжірибелі бағбандардың айтуынша, көшеттер өнімді тез береді. Алайда, тұқымдай егілген көкөністен алынатын өнімнің екі есе болатынын көпшілік біле бермейді.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале