4.09.2015, 18:36
Оқылды: 41

Талтүсте газ құбырын тас-талқан етті

Janakala gaz kybiri02    Бүгін түске жақын Жаңақала ауданында оқыс оқиға орын алды. Камаз жүк көлігі аудан орталығындағы С.Айтқұлов көшесінің бойындағы тас жолдың үстінен өтетін газ құбырын қағып, тас-талқан қылып қиратып кеткен. Құбырды қиратқаны былай тұрсын, сол маңайдағы үйлердің қақпа-қоршауларын да сындырып, тұрғындарға зиян келтірді. Бұл оқиғаға көп жылдан бері жүргізіп жүрген көлігінің көлемімен, газ құбырының биіктігін аңғармаған, әрі көліктің жылдамдығын асырған жүргізуші кінәлі дейді жергілікті халық. Абырой болғанда (сол маңайда ешкім жүрмегесін) адамның үстіне құламаған. Әйтпесе жазықсыз жандарды шейіт қылар ма еді. Аудандық Газ пайдалану участегі мекемесінің мамандары қираған құбыр қашан жөнделіп біткенше,  150-ге тарта үйде көгілдір отын болмайтынын жеткізді.

Құбырларды қиратып, аталмыш мекемеге, ауыл тұрғындарына зиян келтірген кінәлі жүргізуші шыққан шығындарды өз мойнына алған.

www.zhaikpress.kz

А.Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале