14.06.2016, 17:51
Оқылды: 17

«Тамашаның» «тұяғы»

????????????????????????????????????

  Чапаевта Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының ұстазы Асқар Наймантаевтың жеке концерті өтті.


  Әке-шешесі Нарынқол халық театрында бірі-режиссер, бірі – актриса болып еңбекте көрінген өнерлі отбасының бесігінде тербелген «балапан» Асқар М.Әуезовтың «Еңлік-Кебегіндегі» Еңліктің құндағындағы сәби болып алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдарында сахнаға шыққан екен. Ол Алматы театр және көркемсурет институтында КСРО халық әртісі Хадиша Бөкееваның класында білім алады. Кейін М.Әуезов атындағы театрда еңбек ете жүріп көптеген спектакльде басты рөлдерді сомдайды. Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күнінде» Сәбитжан, М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында», Қасым, Ж.Аймауытовтың "Ақбілегінде" Балташ рөлдерін халықтың көңілінен шығып ойнады.

  Көрнекті өнер иелері Ә.Мәмбетов, А.Әшімов, Б.Атабаевтардың ізімен жүрді. Сондай-ақ, «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы өзінің көпқырлы өнерімен танылды. Алматы қаласында «Таланттар мектебін» ашып, қазақтың ұлттық өнерінің үлкен жанашыры ретінде көрініп жүр. «Ретрожұлдыздар шақырады», «Қазақша дискотека», «Жаңа жылға – жаңа жұлдыздар», «Айтыңыз қабыл болсын!» сияқты көптеген танымал жобалардың авторы, сатира театрларының ұйымдастырушы-режиссері.

   Чапаевтағы көрермендерге «Мясокомбинаттан қайтқанда», «Әйелдер әлемі», «Тегіңді білесің бе?», «Әкемнің сыры», т.б. яғни, бүгінгі күн төрінен орын өрген әзіл-әңгімелерін тартымды баяндап берді.

www.zhaikpress.kz
Жарқын ЖАЗЫҚБАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале