14.05.2015, 17:08
Оқылды: 32

Танымал әнші-сазгер - Қаратөбе өңірінде

«Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй» деп айтып өткен дана Абайдың өміршең өлеңдері өнердің мәңгі жұтамас байлық екендігін сездіреді де тұрады.

 

Karatobe Marat Iliasov         Қаратөбе аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық, республикалық ән байқауларының жүлдегері, әнші-сазгер Марат Ильясовтың концерті болып өтті.

Бұқара халыққа «Мерекем», «Анама», «Сезім», «Қазақтың дастарқаны», «Сұлуым», «Өкпелемеймін» т.б. әндерімен танымал өнер өкілінің концертінде әнші-сазгердің орындауында жаңа әндер де шырқалды.

Сазгердің шәкірттері Нұрсұлтан Болат, Бөрібек Расуловтар да сахна сәнін келтіріп, төл туындыларын ұсынып, Қаратөбе өңірі сахнасын ән мен жырға бөледі.

Марат әншінің орындауында шырқалған әндердің көбісіне көрермен қосылып, қошемет білдіріп отырды.

Мерекелік кешті қорытындылап сөз алған аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов танымал өнер иесіне өнер көшін анықтап, биіктерге шарықтап, ән қанатында қалықтап жүре беруіне аудан халқының тілектес екендігін жеткізді.

  www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале