11.08.2015, 20:22
Оқылды: 14

«Танымның» кезекті сапары

mechet-3Ақжайық ауданындағы «Таным» деструктивті діни ағымдардан қорғау және көмек орталығының насихат тобы ауданның бірнеше ауылында кезекті сапарда болды.

Бұл жолы облыстық дін істері басқармасынан білікті теолог Бақытжан Сабыралиев құрамында болған топ Мерген, Ілбішін, Ақсуат, Тайпақ және Атамекен ауылдарында жұртшылықпен жүздесуде Исламның ежелден қазақтың дәстүрімен, мәдениетімен, өнерімен тығыз байланыста екенін басым әңгімеледі. Діни әдет-ғұрып та тарихымызбен етене екені, осыны ұғынсақ, небір теріс пиғылдан сақтана аламыз.

Бақытжан Құралбайұлы, ауданның бас имамы Ерлан Айтімов, ақын Сағынтай Бисенғалиев Ханафи мәзһабының қыр-сыры жайында байыпты әңгіменің тиегін ағытты. Атап айтқанда, біздің салт-дәстүрлеріміз Ханафи мәзһабы нұсқауларымен етене. Ислам негіздерін күнделікті тіршілікке бейімдеуде Әбу Ханифадан озған ешкім жоқ. Топ мүшелері мұны оқып-үйренудің айрықша маңызын пайымдады, сұрақтарға жауап берді.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале