31.05.2016, 12:22
Оқылды: 22

Тарихи орындағы тағзым шарасы

karatobe repressiaБүгін «Қаратөбе сиезі» өткен тарихи орында 31 мамыр - Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Мың тағзым, сізге алаш ардағы!» атты тағзым шарасы өтті.

Жазықсыз жапа шеккен ата-баба рухына тағзым еткен қаратөбеліктер оларды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.


Шарада сөз сөйлеген аудан әкімі Асхат Шахаров:

-  Бұл күн барша халықтың, соның ішінде «халық жауы» атанып, жазықсыз жапа шеккен қазақ халқының аяулы перзенттерін еске алу, тағзым ету күні.

Сол бір зұлмат жылдардың салған жарасы қазақ даласын елім деген есіл ерлерінен айыра алмады. Тиісінше, тұғыры биік тәуелсіздіктің арқасында аяулы перзенттердің есімі елге оралды.

Бүгінде ауданда жазықсыз жапа шегіп, кейіннен ақталған 101 адамның он шақтысының ғана өмірі мен тағдыры халыққа етене жетті. Ал қалғандарының есімін келер ұрпаққа жеткізу, тарих парақтарын ақтару біз бен сізден тың ізденісті, зерттеулерді күтеді, - деді.

«Халық жауы» атанған ұлт зиялысы Қарабай Көзеевтің келіні Звайда Қарабаева сөз сөйлеп, естеліктер айтты.

Шарада ақтаңдақтар ақиқатына арналған қазақ ақындарының өлеңдері оқылып, қатысушылар аудандық тарихи-өлкетану музейіне мәдени саяхат жасап, тарихи көрмемен танысты.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале