1.08.2015, 15:22
Оқылды: 17

Тарихи-экологиялық экспедиция мүшелері сапарға шықты

11041584_503585066470581_7998886553663168449_n Бүгін Қазақстанның батыс аймағын және Ресей федерациясының Астрахан, Волгоград облыстарын қамтитын тарихи-экологиялық экспедиция мүшелері сапарға шықты. Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ата заңымыздың 20 жылдығына арналған экспедицияны белгілі өлкетанушы Айболат Құрымбаев жетекшілік етуде. Жобаның мақсаты ел тарихын зерделеу, ата-баба рухына тағзым ету. Рухани-мәдени құндылықтарды арттыру болып табылады.

Топ мүшелері Шағатай ауылдық округіндегі, Қызылжар мекеніндегі Жантөре ханның зиратына барып, баба рухына құран бағыштады. Одан соң, Базартөбелік Аманжол Салимовтың жеке мұражайына бас сұғып, көне замандардан бері сақталынып келе жатқан жәдігерлермен танысты. Жолда Базартөбедегі кіші жүздің ханы Есім ханның зиратына аялдады. Нақ осы сәтте экспедиция құрамы Атырау бетке жол тартып барады.

www.zhaikpress.kz

Ертай Бимұханов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале