15.01.2016, 21:55
Оқылды: 30

"Тарихтан - тағылым"

2016-01-15 22.13.48Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде осындай тақырыппен дөңгелек үстел өтті. Батыс Қазақстан облыстық тариxи-өлкетану музейі ұйымдастырған шараға Ұлттық музей директорының орынбасары Жазира Күлбаева, «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы Ақан Оңғарұлы, тариxшылар мен әдебиетшілер, журналистер, студенттер мен оқушылар қатысты.


2016-01-15 22.14.40Шара барысында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Еділ-Жайық аралығындағы ел тариxымен тереңірек танысуға мүмкіндік беретін «Тарихы терең Ақ Жайық» атты көрмесі таныстырылды.

2016-01-15 22.13.15Еске сала кетсек, аталмыш көрме 18 қарашадан бері Ұлттық музейдің көрме залында өтуде. Көрмеде Батыс Қазақстан аймағындағы арxеологиялық қазбалар кезінде табылған түрлі заттай деректер, обалардан табылған ежелгі сармат кезеңіне жататын ақсүйек әйел - Алтын Ханшайым, қару-жарағымен бірге табылған қыпшақ жауынгерінің мүрдесі, қазақ тариxындағы өзіндік орны тұлғалардың киімдері, зергерлік бұйымдар, т.б. көптеген Ақ Жайық өлкесінің тариxын жан-жақты сипаттайтын көптеген жәдігерлер қойылған. Музейдегі бүгінгі кездесуге келген қонақтарды аталмыш көрмемен БҚО тарихи-өлкетану музейінің экспозиция бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Зармина Хангереева таныстырды.

2016-01-15 22.15.20Дөңгелек үстел барысында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаев екі ай бойы көрме залында Ақ Жайықтың тарихи жәдігерлерін халыққа таныстыруға мүмкіндік жасаған Ұлттық музейдің басшылығына ризашылық білдірді.

Шараға қатысқан Астана қалалық №56 мектеп-лицей ұстазы Роза Халесова батысқазақстандық өнер қайраткерлері жайлы әңгімеледі.

Аталмыш мектеп-лицей шәкірттері Ғұмар Қараш, Қадыр Мырза Әлі, Ғайсағали Сейтақ сияқты ақындардың өлеңдерін оқыды. Шарада домбыра мен қобыздан Батыс күйшілік мектебінің күйлері төгілді. Батыс Қазақстан өлкесі жайлы тарихи деректі фильм көрсетілді.

www.zhaikpress.kz

Мирболат ЕРСАЕВ,

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-

өлкетану музейінің директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале