26.08.2015, 17:46
Оқылды: 20

Тарихты тану- тектілік

550Федоровтағы «Достық» үйінің басшысы Асланбек Шайхиннің бастамасымен, аудандағы қоғамдық бірлестіктердің қолдауымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелде этномәдени орталықтардың өкілдері, ауданның құрметті азаматтары мен аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы, жастар мен  мұғалімдер бас қосты.

Керей мен Жәнібек ханның ерліктері мен мемлекет құру жолындағы еңбектері сөз болған жиында тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріміз де айтылды. Қазақ хандығы жөніндегі тарихи мәліметтерді паш ететін бейне-слайд жиналғандарды көптеген жайттардан хабардар етті.

Дөңгелек үстел басында сөз алған аудандық қоғамдық келісім кеңесінің басшысы, Теректі ауданының Құрметті азаматы М.Төлегенов осындай жиындарды көптеп өткізу керектігін баса айтты. Сонымен қатар тарихымызды тану жолында жастарға да оң тәрбие беруді ұмыт қалдырмай, залға жастар жағын молынан жинаған дұрыс деген пікір айтты.

Иә, тарихымызды тану тектілігіміз бен тәуелсіздігімізді жадымыздан шығармау десек,  дәл осындай пайдасы мен маңызы зор жиындар  жалғасын табатыны сөзсіз.

www.zhaikpress.kz

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале