27.10.2015, 10:05
Оқылды: 29

Тарихы терең, келешегі кемел Қазақстан

хандык (1)Бүгін Зеленов ауданы орталығында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарихы терең, келешегі кемел Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.

Жиынға аудан әкімі Кәрім Жақыпов, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүнісова, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бибігүл Ахметжанова, аудандық «Ауыл тынысы» газетінің редакторы Нұржан Дүзбатыров, ардагерлер кеңесі мен этномәдени бірлестік мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.

Шарада сөз алған  Кәрім Кәримоллаұлы жиналғандары осы бір ұлы мерекемен құттықтады.

Дөңгелек үстелде алғашқы болып Қ.Аманжолов мектебінің тарих пәні мұғалімі Ағзила Бақтығалиқызы «Тәуелсіздіктің қалыптасуындағы, қазақ хандығының рөлі?» атты баяндамасын оқыды.

Кейін Нұржан Тоғызбайұлы аудан тарихына қатысты деректер келтіріп, аймақтан табылған құлыптастар туралы мағлұмат берсе, «Ақниет» әжелер ансамбілінің мүшесі Мүгілсім Нұржанова жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырап, туған елінен кетуге мәжбүр болған отандастарымыз жайлы баяндады.

Сондай-ақ Переметный мектебінің ұстазы Наталья Бекк өзінің қазақ хандығы туралы дайындаған баяндамасын ұсынған соң, жиналғандарға «Қазақ хандығы-ұрпақ танымы» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Тағылымы мол жиынның соңында Бөкей Ордасы ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен «Елдіктің терең тамыры» атты мәдени шараға белсене қатысқандарға аудан әкімі атынан алғыс хаттар табысталды.

 

www.zhaikpress.kz

Динара Насырова

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале