7.12.2015, 12:06
Оқылды: 23

Тартымды турнир - тағылымды шара

Shingirlau voleibol turnir  Шыңғырлау ауданы орталығында ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметкер болған, спорт ардагері Абай Қалауұлы  Кабуловты еске түсіруге арналған волейбол турнирі оздырылды. Көпшілікке арналған спорттық шара жоғары дәрежеде өтті.


 

Барлық селолық округтер мен аудан орталығындағы мекемелер командалары жақсы ойын үлгісін көрсетті.

Үш топқа бөлінген 15 команда финалға шығу үшін бар күш-жігерлерін ортаға салды. Жарысқа қатынасушы командалардың көп болуы да шараның мәртебесін көтерді.

Финалға Белогор ауылдық округі, Лубен ауылдық округі және аудан әкімдігі командалары шықты. Жарыстың жабылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі А.Халелов мұндай  жарыстардың қажеттігіне ерекше тоқталды.

Жарыс қортындысында лубендіктер ІІІ, аудан әкімдігі командасы ІІ орынға табан тіреді. Ал шебер ойынымен танылған белогорлықтар І орынды иеленді. Жарысты ұйымдастырушылар барлық округ әкімдеріне, мекеме басшыларына алғыс білдірді. Кабуловтар әулеті атынан барлық командаларға ақшалай  және ескерткіш сыйлықтар берілді.

Ал жарыс жүлдегерлері бұған қоса кубоктармен марапатталды.

Жекелей ойынымен көзге түскендерге әдемі сувенир мен ақшалай сыйлық берілді.

www.zhaikpress.kz

Адақ Шотпанов

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале