24.11.2015, 11:07
Оқылды: 24

Тартысты өткен ұлттық ойындар

ArLv41KSasxRdYRe_LRAHDOwr3HiJ0xeL0CtI1GtPRoG    1-желтоқсан Тұңғыш Президенті күніне орай   Шыңғырлау спорт клубының ұйымдастыруымен аударыспақтан және шағын жаппай көкпардан сайыс өтті. Қызықты да тартысты өткен шараның өз жанкүйерлері де аз болған жоқ.

Ұлттық ойындардың қыр-сырын терең меңгеріп қалған жастарымыз сайыс барысында бар ынталарымен ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде, аударыспақтан 60 келі салмақ дәрежесінде Омархан Рысжанов (Шыңғырлау колледжі) –І орын, Арсен Мамбетьяров (Шыңғырлау)-ІІ орын, ал Ұланбек Аманжол (Шыңғырлау колледжі)-ІІІ орынды иеленді.

Ал 50 келі салмақ дәрежесінде осы ойын түрінен Мирас Асылгерей І орыннан көрінсе, Жарас Мәдиев ІІ орынға көтеріліп, ал Шыңғырлау колледжінің оқушысы Айбек Есетбаев ІІІ орынға тұрақтады.

Нағыз қызық көкпар басталғанда болды. Ойыншыларды көтермелеп, қызу қолдап отырғандар доданы қыздырып-ақ жіберді. Айла мен амал алмасқан тартыста Омархан Рысжанов, Мирас Асылгерей және Ұланбек Аманжолдардың ептілігі, шапшаңдығы, ойын алаңында өздерін еркін ұстауы ерекше көзге түсті. Барлық дараланған жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Шыңғырлау ауданы

Мирас Темірболатов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале