4.09.2015, 12:44
Оқылды: 21

Тасқалада азық-түлік бағасы тұрақты

Taskala azik tylik bagassi tyrakti  Тасқала аудан аумағында негізгі азық-түлік  пен бірінші деп табылған қажетті зат бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында аудандық штаб бірнеше жұмыстар атқарды.

Атап айтар болсақ еліміз бойынша  қаржы саласында  орын алған жағдайға байланысты аудан әкімі Санжар Әлиевтің төрағалығымен негізгі азық-түлік және бірінші қажетті заттар бағасын тұрақтандыру жөніндегі аудандық штаб отырысы өткізілді.

Жиын барысында ауылдық округ әкімдері мен аудандық кәсіпкерлік бөліміне тауар бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстарды  қадағалау тапсырылды.

Осыған орай аудандық штаб мүшелері және ауылдық округтегі жұмыс топтары жергілікті сауда нысандарының басшыларымен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, қиындық пен  тұрақсыздықтың салдарынан артық пайда табуды көздеген кәсіп иелерінің заңды түрде жазалатындары туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.

Үнемі 33 атау бойынша  азық-түлік бағаларының көрсеткіштері жинақталып қорытындысы күніне екі рет облыс орталығына жолданып отырады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бағалардың көтерілуі әзірге анықталған жоқ.

Қазіргі таңда аз қамтылған жанұяларға негізгі азық түліктерді төмен бағамен  жеткізуге ауылдық округтерінің дүкендерінде ашылған  бұрыштамалардың жұмыстары қатаң қадағалануда.

Сауда орталығында бау-бақша өнімдерінің жәрмеңкесі апта сайын өткізілуде.

Бекітілген  кесте бойынша аптаның әр сенбісінде  аудан округтерінің сүт тағамдары бау-бақша өнімдері  аудан орталық дүкендерінің бағасынан төмен бағамен сатылуда. Болашақта бұл жұмыс өз жалғасын тауып, азық-түлік бағаларының негізсіз өсуіне жол берілмейтін болады.

www.zhaikpress.kz

С.НУРТАЗИНА

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале