3.07.2015, 17:24
Оқылды: 25

Тасқалада Астана күніне арналған семинар өтті

Taskala Astana kynine orai seminar   Айтулы мерекені құр жібермейтін аудандық сот қызметкерлері Астана күні қарсаңында өз ойларымен бөлісу үшін дөңгелек үстел басына жиналып, Астана күніне орай ұйымдастырылған семинар-кеңеске қатысты.

Кеңесті  ашқан аудандық соттың судьясы Н.Самарханова жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, бұл  барша қазақстандықтардың бірлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жетістіктерінің символы екенін атап өтті.

- Елордамыздың жыл санап емес, күн санап көркейіп келе жатқаны баршаңызға аян. Астананың әлеуетті мүмкіндіктері Бүкіләлемдік EXPO-2017 көрмесінде паш етілетін болады-деді өз сөзінде Н.Самарханова.

Шара барысында мамандар өз пікірлерімен бөлісіп, жиын соңында «Менің елім» әнін қосыла шырқады.

www.zhaikpress.kz

М.Жакупов

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале