Тасқала ауданы орталығындағы «Бақыт» кафесінде ораза ұстаған барлық мұсылмандарға арнап ауызашар берілді. Оны жеке кәсіпкер М.Туркешова ұйымдастырды. Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні берілген ауызашарға аудан орталығынан үлкенді кішілі 50 ге тарта адам жиналды.
Айта кету керек жыл өткен сайын ораза тұтатындар қатары аудан көлемінде артып келеді. Бұл қуанарлық жағдай.
Н.Серікқызы
Тасқала ауданы