12.04.2016, 17:20
Оқылды: 13

Тасқалада бюро мүшелері бас қосты

????????????????????????????????????

           Сәуірдің 12-сі күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңес бюросының отырысы өтті.

         Отырысты аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы С.Әлиев ашып, бюро талқысына күн тәртібіндегі үш мәселені ұсынды.


      Олар: аудандық мәслихатта «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясын құру, депутаттық фракция жетекшісінің кандидатурасын келісім үшін «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалына ұсыну және қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаттарының биылғы жылдың І жартыжылдығына азаматтарды қабылдау кестесіне өзгеріс енгізу туралы. Шара соңында осы мәселелерді бюро мүшелері талқылап, бірауыздан қолдап, бекітті.

www.zhaikpress.kz

Манас ӘЖІҒАЛИЕВ

Тасқала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале