20.03.2016, 12:23
Оқылды: 30

Тасқалада дауыс беру жалғасуда

Taskala sailau jalgasuda  Тасқала ауданы орталығынан 12 шақырым жерде орналасқан  №324 сайлау учаскесі  бойынша да сайлау қарқынды түрде жүргізілуде. Ертемен ауылдық мәдениет үйіне орналасқан аталмыш  учаскеге  халық көп жиналды. Барлығы да сайлаудың салтанатты ашылуына қатысып, ауылдық округ әкімінің құттықтауын тыңдады.


 Одан әрі әркім өз таңдауын жасады. Аталмыш сайлау учаскесінде жалпы  678 адам тіркелсе, оның 54 ті үйден дауыс беретіндер. Үлкен науқанның өтуін  бақылауға «Ақжол» партиясы мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлердің сенімді өкілдері мен байқаушылар қатысуда.

www.zhaikpress.kz

                                                                                                          Назгүл Серікқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале