14.06.2016, 17:45
Оқылды: 16

Тасқалада денсаулық фестивалі өтті

????????????????????????????????????

   Аудандық орталықтандырылған аурухана мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Тасқала ауданында «Біз салауатты өмір салты үшін!» ұранымен денсаулық фестифалі өтті.


 Фестивальдің ашылу салтанатында «Нұр отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез бен аудандық аурухана директоры Гүлсайран Кенжешева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

   Шараға ауылдық округтер мен аудан орталығының мекемелері мен білім ошақтарының ұжымдары қатысып, түрлі спорттық ойындар мен көңілді старт бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Бірлік ауылының құрама командасы жеңімпаз атанып, Тасқала колледжі екінші орын иеленді. Ал «Ақбөпе» балабақшасының ұжымы үшінші орынға табан тіреді. Жарыс жүлдегерлері алғыс хаттармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz
Рауан САТЫБАЛДИЕВ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале