13.01.2016, 23:47
Оқылды: 32

Тасқалада Елбасы жолдауын талқылаған «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты дөңгелек үстел отырысы өтті

Taskala dongelek ystel «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалы мәжіліс залында Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты Ұлт жоспарының жүзеге асуы бойынша,  мекеме, бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері және сала мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.


         Отырысты аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова ашып, жүргізіп отырды. Ұлт жоспарының бірінші бағыты – мемлекетті кәсібилендіру бойынша аудан әкімі аппаратының бас маманы З.Рахметулова баяндама жасады. Ал, екінші бағыт – құқық тәртібі мен заңдылық бойынша аудандық соттың бас маманы Ғ.Молдашев өзгерістер туралы айтып өтті.  Үшінші бағыт – бюрократтық шығынсыз экономикаға қадам басу бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс және өндіріп алу бөлімінің басшысы А.Өтеген баяндаса, ал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Шүкіров өз баяндамасын оқыды. Сонымен қатар, осы бағыт аясында әлеуметтік жаңғыртулар туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Р.Бермұханов баяндама жасады. Ұлт жоспарының соңғы бағыты – қоғамға есеп беретін ашық мемлекет бойынша аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Ержігітова сөз сөйледі.

Шара соңында барлық қатысушылар сұрақтар қойып, пікір-таласқа түсті.

www.zhaikpress.kz

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале