12.11.2015, 16:19
Оқылды: 26

Тасқалада жаңа сауда нүктесі ашылды

Taskala nan   Тасқала ауданы әкімі С.Әлиевтің қолдауымен «Тасқала-нан» ЖШС-нің ұйымдастыруымен  аудан орталығынан жаңадан нан сататын дүңгіршек ашылды.

Мұнда наубайханадан шығарылатын әлеуметтік наннан бастап,  тәтті бөлкелер, сондай-ақ перог  пен торттар сатылады.

Дүңгіршек таңертеңгі сағат 9 дан кешкі сағат 9 ға дейін үзіліссіз халыққа  қызмет көрсетеді.

-Нан сататын шағын дүкеніміз тек бүгін бірінші күн ғана ашылды. Тауардың өтуі жаман емес. Тапсырыс берушілерде келіп жатыр. Бұл халық үшін өте тиімді  болды.  Тек нан үшін дүкенге кіріп, кезек күткісі келмейтіндер үшін өте ыңғайлы –дейді наубайхана басшылары.

   www.zhaikpress.kz

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале