27.05.2015, 11:42
Оқылды: 26

Тасқалада жемқорлықпен күрес жалғасуда

Jemkorlikka kyres jalgasuda  Мамырдың 26-сы күні «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары Л.Жұбанышқалиева мен С.Серғалиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Д.Ғазез, бөлім басшылары және мәслихат депутаттары қатысты. Отырысқа мәслихат хатшысы С.Рахимов төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде бір мәселе: «Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында жемқорлыққа қарсы әрекет ету ісінің жағдайы және мемлекеттік қызметшілердің  табыстары мен мүліктері жөніндегі декларация тапсырудың барысы туралы» есебі жөнінде аудандық мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары З.Сұлтанғалиев баяндамасын оқыды. Дөңгелек үстел соңында баяндамашының баяндамасы қаперге алынып, жемқорлыққа қарсы күрес жалғасын тауып, осы мәселеге қатысты мақалалар аудандық «Екпін» газетінде шығарылып тұрсын деген шешім қабылданды.

www.zhaikpress.kz

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале