20.04.2016, 16:32
Оқылды: 24

Тасқалада кезекті кеңес отырысы өтті

????????????????????????????????????

   Тасқала ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы өтіп, оған аудан әкімі, кеңес төрағасы С.Әлиев, ауылдық округ әкімдері және кеңес мүшелері қатысты.


    Отырысты аудан әкімі,кеңес төрағасы Санжар Жұматайұлы ашып жүргізді. Аталмыш жиында күн тәртібіндегі үш мәселе қаралды. Атап айтар болсақ, аудандық ақпараттық түсіндіру тобы мен діни зкстремизм және лаңкестік фактілердің алдын-алу бойынша өткізілген іс-шаралары және аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктің байланыстар жөніндегі кеңестің  алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспары болды.

     Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиында алғаш болып баяндама жасаған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова ақпарттық түсіндіру тобының былтырғы жылмен биылғы жылдың  бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстарына тоқталып өтіп, алдағы істелетін жұмыс жоспарын айтып өтті.

     Сонымен қатар, аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық бөлімшесінің басшысы А.Жұманиязов діни экстремизм және лаңкестік фактілердің алдын-алу бойынша өткізілген іс-шараларға тоқталды. Мәселен былтырғы жылы ауданымызда баптистік бағытты ұстанған азаматтар өзара түн ортасында үйге жиналып, насихат жүргізгендері  үшін оларға тиісті айыппұл салынған екен. Қоғамға үлкен қауіп төндіретін теріс діни ағымдардың жұмыстарына бөгет болу үшін әр кез жүйелі жұмыс жасалынып қана қоймай, көзден қалт жібермей қадағалау керек. Бұл ел мен жердің тыныштығы үшін ауадай қажет нәрсе.

    Жиын соңында айтылған баяндамаларға орай өз ұсыныс-пікірлерін айтып, алдағы атқарылар ауқымды жұмыстардың жоспары бекітілді.

www.zhaikpress.kz

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале