24.06.2016, 15:33
Оқылды: 22

Тасқалада мемлекеттік қызметшілер марапатталды

????????????????????????????????????

Тасқаланың аудандық мәдени-демалыс орталығында 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті.


Алдымен сахнаға аудан әкімі аппаратының басшысы Медет Мырзаш көтеріліп, «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбында баяндама жасады. Содан соң аудан әкімінің міндетін атқарушы Л.Жұбанышқалиева құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкімінің алғыс хатымен Қазақстан ауылдық округі әкімі Әлібек Тәшімовті марапаттады. Сонымен қоса ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаменті басшысының алғыс хатын бірқатар мамандарға табыс етті. Ал аудан әкімінің алғыс хатын табыстау үшін оның орынбасары Азамат Сафималиев сахнаға шығып, бірнеше мемлекеттік қызметшілерді марапаттады.

Салтанатты шара соңы аудандық мәдени-демалыс орталығының ұжымы әзірлеген мерекелік концертімен аяқталды.

www.zhaikpress.kz
Манас Маратұлы
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале