10.02.2016, 9:18
Оқылды: 29

Тасқалада Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына орай кеш өтті

Taskala Akku arman   Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына орай әдеби сазды кеш өтті.


Кешке «Нұр Отан» аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез бен ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова қатысты. Алдымен жиылған жұртқа ақиық ақынның өмірі жөнінде бейнеролик көрсетілді. Содан соң «Жібек жолы» халықтық би ансамблі «Мұқағали шер-мұңы» атты композициясын қойды. Кеш әрі қарай мәдени-демалыс орталығының жез таңдай әншілері ақынның сөзіне жазылған әндерді орындаса, аудандық ЖОББ мектеп оқушылары поэзиядан сыр шертті. Аталмыш кеште  халық театры мен «Жібек жолы» халықтық би ансамблі «Аққулар ұйықтағанда» театрландырылған қойылым қойып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Шара «Алатау-Алтай» әнімен тәмамдалды.

www.zhaikpress.kz

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале