17.12.2015, 18:25
Оқылды: 35

Тасқалада наубайхана ашылды

 taskala naubaihana  Тәуелсіздік күні қарсаңында Тасқала ауданы Мереке ауылында салтанатты түрде шағын наубайхана ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Кентоғаева және ауыл тұрғындары қатысты.

         Мереке ауылының жұртын құттықтап, жылы лебізін жеткізген аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызы, Елбасының тікелей тапсырмасымен, мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті дамытуға арналған көмек күн санап артып келе жатқанын жеткізді. Мемлекет қолдауымен,  «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 3 млн. теңге несие алып, Алтынай Жұбанышева наубайхана ашты. Оның айтуынша, наубайхана тәулігіне 50-60 бөлке наннан бөлек, перог, торт, тағы басқа өнім түрлерін дайындайды.


-Осы берілген қаражатқа барлық керекті құрал-жабдықтарды сатып алдым. Алдағы уақытта өнім түрлері мен санын көбейтіп, көрші ауылдарға сатпақ ойым бар. Қазіргі таңда екі адамды жұмыспен қамтып отырмын. Сонымен қатар айта кету керек, құжаттарды жинау кезінде үлкен көмек көрсеткен «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау» қорының қызметкері Досхан Садықовқа және аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Батима Махамбетқызына ризашылығым шексіз, - дейді жеке кәсіпкер Алтынай Серікқызы.

Шара соңында Мереке ауылдық округ әкімі Б.Айтмағамбетов құттықтау сөз сөйлеп, бұндай жаңа бастамалар әлі де жалғасын табатынын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

М.Әжіғалиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале