19.02.2016, 12:48
Оқылды: 20

Тасқалада су тасқынының алдын алу жұмыстары пысықталды

????????????????????????????????????

   Әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Санжар Әлиевтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын-алу және оны жою  комиссиясының кезекті отырысы  өтті.

Жиынға осы жұмысқа жауапты барлық сала басшылары қатысты.  Комиссия  апатты жағдайлардың алдын-алу және оларды болдырмау мен тасқынға дайындық барысы жөнінде гі жұмыстарды тағы бір рет пысықтап өтті.


Жиын барысында  төтенше жағдайлар бойынша су тасқынының алдын алуға дайындық барысы туралы  аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс бойынша бас маманы Қуаныш Қабдолда баяндама жасады. Оның мәліметі бойынша  бүгінгі таңда Деркөл өзеніндегі қардың биіктігі 30 см-ді құраса, мұздың қалыңдығы 36 см ді көрсетіп отыр.  Қардың ылғалдылығы 87 пайыз.  Ал, 15 ақпанға дейінгі аудан бойынша Қазгидрометтің берген мәліметі не сүйенетін болсақ  топырақтың қатуы 20 см  болып келген.

 -Қазіргі таңда су тасқынының алдын алуға арналған іс-шаралар басталып кетті. Жұмыс жоспары жасақталып, қажетті техникалар тізімге алынды - деді өз сөзінде  Қуаныш Қабдолла.

Бас маманның айтуы бойынша тасқынның алдын алуға  күні бүгін 5800 литр жанар жағар май мен 1000 қапшық дайын екен. Әрине бұл төтенше жағдай туындай қалса аздық ететіні белгілі. Сондықтан  қосымша алынатын қажетті құралдар мен жанар жағар майдың  есебі анықталып, оған тапсырыс бердік  деді бас маман.

Қазірдің өзінде  ауа райының  күрт өзгеріп, ақпан айында жауған толассыз жаңбыр аудан  тұрғындарын қатты алаңдатып отыр.

Жиынды қорытындылаған  аудан басшысы Санжар Жұматайұлы төтеншеліктердің жұмысына көңілі толмайтынын, сондықтан  уақытты созбай осы аптаның аяғына дейін  эвакуациялық орындарды  дайындап, қажетті техникаларды тізімге алып,  су жүретін жолдарды  қардан тазалауды және техникаларды толықтай есепке алуды тапсырды.

Апта соңында комиссия мүшелері қайтадан бас қосып, атқарылған жұмыстарға   есеп беретін болады.

www.zhaikpress.kz

Н.Жәрдемова

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале