15.04.2016, 11:23
Оқылды: 43

Тасқалада Чернобыль ардагерлерімен кездесу өтті

????????????????????????????????????

     14 сәуір күні Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының тәуелсіздік залында ішкі саясат бөлімі және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  Чернобыль атом электр станциясында болған апатты жағдайға отыз жыл толуына орай арнайы шара өтті.

     Оған аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, ішкі саясат бөлімнің басшысы А.Дүйсенова, мекеме басшылары, тарих пәнінің мұғалімдері мен Чернобыль оқиғасының куәгерлері және мектеп оқушылары қатысты.


     Алдымен Чернобыль апатына қатысты видео ролик көрсетілді. Содан соң аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызы Чернобыль атом электр станциясында болған ауданымыздың бірқатар азаматтарына жылы лебізін білдірді.

     1986 жылдың 26 сәуір күні Украинадағы атом  электр станциясының төртінші блогы жарылып, сол апаттан  төрт мыңдай астам адам қаза тауып, кем дегенде бес миллионнан аса халық зардап шеккен болатын. Күллі әлемді дүр сілкіндірген осы бір апат орын алған жерде ерікті-еріксіз түрде болып қайтқан азаматтар елімізде неше мыңдап саналады. Олардың қазіргі ахуалы қандай? Үкімет тарапынан тиісті жеңілдіктерін алып жүрме? Жалпы, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға сол кезде «Кеңес одағынан қанша адам барды, олардың барлығы өз еріктерімен бардыма, болмаса сол тұстағы қалыптасқан түрлі саяси жағдайларға байланысты міндетті түрде баруға мәжбүр болды ма?» деген секілді сұрақтар әр адамның көкейінде тұратыны сөзсіз. Айтулы шарада сол бір қайғылы оқиғағаның тірі куәгерлері  бастрынан өткерген небір қиын-қыстау күндерін көз алдарынан жүгіртіп,кейінгі жас буынға айтып өтіп,  қойылған сұрақтарына да жауап берді.

    Шара барысында аудандық мәдени-демалыс орталығының жезтаңдай әншілері дайындаған  шағын концертін тамашалап, көңілдерін бір серпілтіп алды.

     Иә, сол бір кездегі үлкен қасіретті ауызбен айтқанымызбен, көз алдымызға елестету қиынның қиыны. Қаншама адам опат болып, сан мыңдаған адам сал болып қалды. Сондықтан сол апаттан аман қалған ағаларымызды ұмытпайық, қайта ұлықтайық.

 www.zhaikpress.kz

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале