18.06.2015, 18:26
Оқылды: 17

Тасқалада шабындыққа шалғы түсті

Taskala shabindik Ауыл шаруашылығындағы ең жауапты науқандардың бірі –мал азығын дайындау. Жыл өткен сайын ауылдық округтерде мал басының артуына байланысты жоспар да өсіп отырады. Биыл да аудан бойынша мал азығын дайындау 66,9 мың тонна деп жоспарланып отыр. Бұл былтырғы жылға қарағанда 8,6 мың тоннаға артық. Күні бүгін межеден көрінуді өздеріне міндет санаған барша шаруа қожалықтары ауа райының  аптап ыстығына қарамастан  шабындыққа шалғы салды.  Санаулы күннің ішінде 5,5 мың тонна шөп дайындалып, жоспар 7пайызға орындалып отыр. Бірақ бір өкініштісі көктемгі салқындықтың салдарынан шөп шығымының  күрт төмендегені байқалады. –«Шөп түсімі былтырғы жылға қарағанда нашар. Дегенмен 7 мың гектар жерге егілген 1 және көп жылдық шөптерді есептегенде жоспар артығымен орындалады деп отырмыз.  Қазірдің өзінде Мерей, Мереке, Ақтау ауылдық округтерінде  жұмыс қарқыны арта түсті. Аталған жауапты науқанға әртүрлі маркалы тракторлар қатысуда. Олардың жарамдылығы алдын-ала аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссия арқылы тексеруден өтті. Ендігі мақсат күннің ашықтығын пайдаланып, шөп қатып кетпей тұрғанда  тез дайындап алған дұрыс»,-дейді ауылшаруашылық бөлімінің  мамандары.

Жауапты науқанды  дұрыс түсінген  шаруалар уақытты тиімді пайдаланып, іске құлшына кірісті.

www.zhaikpress.kz

Н.Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале