26.11.2015, 12:35
Оқылды: 23

Тасқалада «Қазтест» сынағы өтті

Taskala kaztest  Қарашаның 25-і күні Қ.Сәтбаев мектебінде Ұлттық тестілеу орталығы мен облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Қазтест» байқау сынағы өтті.


 

Оған ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлері, бюджеттік саланың барлық құрылымдарының өкілдері, тәртіп сақшылары және төтенше жағдай салаларының өкілдері арасынан барлығы 125 адам қатысты. Жалпы тестілеуде 150 сұрақтан тұратын тыңдалым, лексика-грамматикалық бөлім және оқылым бөліктері қамтылды.

- Бұл іс-шараның басты мақсаты: аудан тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау болып табылады. Тасқала ауданы 2013 жылдан бері үздіксіз «Қазтестке» қатысып, белсенділік танытып келеді. Жалпы ауданның деңгейі жылма-жыл өсіп келеді, - дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Гүлнар Әлжанова.

www.zhaikpress.kz

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале