3.10.2016, 18:37
Оқылды: 27

Тасқалада қариялар күні атап өтілді

????????????????????????????????????

   Қазанның 3-і күні Тасқала аудандық қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік-медициналық мекемесінде қайырымдылық айлық аясында аудандық мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері концерт ұйымдастырды.


   Мерекелік шараға аудан әкімі Санжар Әлиев қатысып, қарттарды құттықтады. – Баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, ұзақ өмір тілеймін, - деді. Сонымен қатар аталмыш мекеменің директоры Г.Тұрғанәлиевке естелік сыйлық табыс етті. Осы басқосуға қатысқан аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов пен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Мүсәлімовалар да игі тілектерін жеткізді. Шарада Б.Бақтығалиева «Менің қазағым», ал А.Аюпова «Птица счастья» әндерін шырқап, қариялардың ризашылығына бөленді.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале