8.02.2016, 18:27
Оқылды: 43

Тасқалада қоғамдық кеңестің отырысы өтті

????????????????????????????????????

   «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы аталмыш партияның мәжіліс залында өтті.


   Оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, мекеме басшылары, мектеп және колледж директорлары мен комиссия мүшелері қатысты. Шарада алғаш болып сөз алған кеңес төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндама жасады. Сонымен қатар кеңес мүшелері де сөз сөйлеп, баяндамаларын оқыды. Жиын соңында Тасқала колледжінің директоры Б.Жәрдемов Жолдауда жарияланған кәсіптік-техникалық мамандықтарды тегін оқыту басталатынын тілге тиек етіп, соған орай барлық мектеп директорлары мен тиісті мекеме, бөлім басшыларына студенттерді тарту жұмыстарына атсалысуға ұсыныс тастады.

 www.zhaikpress.kz

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале