12.02.2016, 15:30
Оқылды: 26

Тасқалада үстел теннисінен жарыс өтті

????????????????????????????????????

Бүгін С.Жақсығұлов атындағы мектептің спорт залында аудандық қорғаныс істері бөлімінің және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен КСРО әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай, үстел теннисінен жарыс өтті.


Жарыстың ашылу салтанатында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нәріков барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және ауданда үстел теннисін кеңінен тарату мақсатында өткен жарысқа аудан және ауылдық округтердің тұрғындары қатысты. Жарыстан озық шыққан ойыншыларға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

www.zhaikpress.kz

Есенжол Елекенов

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале