28.09.2015, 20:07
Оқылды: 26

Тасқалада әлеуметтік нан саттыққа шығарылды

Taskala aleumettik nan    Азық-түлік қорын сақтау және оның бағасын тұрақтандыру-бүгінгі күнгі өзекті мәселенің бірі. Осы бағытта аудан бойынша нақты жұмыстар қолға алынып, қатаң бақылауға қойылған.

Соңғы жылдары қаржы дағдарысын еңсеруге орай әлеуметтік жағынан қорғалатын тұрғындарға  арзан бағамен әлеуметтік нан сату да қолға алынғаны баршаға мәлім. Осы мақсатта аудан көлемінде  біркелкі жұмыстар атқарылды. Соның бірі тұрақтандыру қоры арқылы  ай сайын ауданға әр келісі 55 теңгеден  60 тоннадай бірінші сұрыпты астық сатып алынады. Сол ұннан  «Тасқала-Нан» ЖШС-гі әлеуметтік нан пісіріп, саттыққа шығаруда. Бұл кез-келген сатып алушы үшін үлкен жеңілдік. Өйткені 55 теңгеден сатылатын бірінші сұрыпты нанның салмағы 680 грамды құрайды.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімі мамандарының айтуынша әлеуметтік нан аудан орталығындағы сауда орындары «Аққу», «Нәйлә», «Қамқор», «Бәйтерек», сондай-ақ «Достық» дүкендерінде бағасы 55 теңгеден сатылуда.

«Достық» дүкені сатушылары әлеуметтік нанның басқа нандарға қарағанда еш айырмашылығы жоқ екенін айтады. Бірақ сонда да  өту қарқыны баяу екенін тілге тиек етті.

Қазіргі таңда нан бағасын одан әрі өсірмей, тұрақты түрде сатып тұру үшін, сондай-ақ нанның сапасын төмендетпеу мақсатында  жоғарыда аталған әрбір дүкендер мен наубайхана арасында меморандум жарияланды, - дейді кәсіпкерлік бөлімінің мамандары. Әлеуметтік нанның әр бағасын 55 теңгеден саттыққа шығарып отырған  «Тасқала-нан» наубайханасы  күніне 216 бөлке нан пісіреді. Ал дүкендер аталмыш нанға бір тиын қоспай халыққа сатады. Бүгінгі таңда бұл әр жанұя үшін қолжетімді баға. Болашақта бағаны соның ішінде нан бағасы мен тұрақтандыру қоры арқылы алынатын басқа да әлеуметтік тағамдардың бағасын өсірмеу мақсатында  кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Әзірге баға тұрақты, бірақ әлі де жұмыстар атқарылатын болады дейді мамандар.

www.zhaikpress.kz

Н.Жәрдемова

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале