17.10.2016, 17:52
Оқылды: 47

Тасқалада өткен турнир

????????????????????????????????????

   Тасқала ауданы орталығындағы "Жастар" алаңында аудандық БЖСМ мен облыстық КЛЛФ федерациясының ұйымдастыруымен футбол жаттықтырушысы Мағзом Искалиевті еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнир өтті.


Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Мағзом Бекешұлының інісі Асқар Искалиев пен жұбайы Набия Искалиева және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Алғадай Жамбыл қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, футболшыларға сәттілік тіледі. Жарысқа Сырым, Зеленов, Терікті, Қаратөбе және Тасқала ауданының екі бірдей командасы қатысып, бақтарын сынады. Алты команда екі топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Ал топтың жеңімпаздары финалда кездесті. Шешуші кезеңде Тасқала командасы 1:0 есебімен Зеленовты ұтып, жарыс жеңімпазы атанды.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале