15.12.2015, 20:03
Оқылды: 18

Тасқалалықтар тәуелсіздік күнін атап өтті

Taskala tauelsizdik kynine arnalgan jyin   Төл мерекеміз тәуелсіздік күніне орай 15 желтоқсан күні аудандық мәдени-демалыс орталығында концерт өтті. Аталмыш шараға аудан әкімі С.Әлиев қатысып, барша аудан тұрғындарын тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.


 

     Алдымен еліміздің Гимні қойылып, көк туымызды сахна төріне әкелді. - Құрметті барша қауым! Сіздерді бүгінгі төл мерекеміз тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі мереке барша қазақстандықтарға ерекше мейрам. Себебі бұл күнді көруді ата-бабамыз аңсап  кеткен. Біз бақыттымыз осы күнге жеткенімізге. Бұның бәрі Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасы. Қашанда еліміз аман жеріміз тыныш болып,әрдайым өсіп-өркендеп, гүлденіп жайнай берсін, - деді Санжар Жұматайұлы.

    Аудан әкімінің құттықтауынан кейін, бір топ мемлекеттік қызметкерлер  С. Әлиев мырзаның алдына келіп, қызметтеріне адал болуға ант етті. Шара әрі қарай «Нұр Отан» партиясы атынан марапаттау  рәсімімен жалғасты. Алдымен «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары  А.Мырзахметовтың алғыс хатымен Қосшы ауылдық округінің әкімі Г.Мұхамедқалиева марапатталды.

    Одан кейін «Нұр Отан» партиясы батыс қазақстан облыстық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары С. Сүлейменнің  алғыс хатымен, аудандық мәслихат депутаты Ә.Сәрсенбаев пен Қазақстан ауылдық округінің әкімі Ә.Тәшімов марапатталды.

     Және «Нұр Отан» партиясы қатарына өткен бір қатар азаматтарға партия билеттері табыс етілді.

    Шара әрі қарай аудандық мәдениет үйінің  ұйымдастырған  концертімен жалғасты.

www.zhaikpress.kz

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале