6.09.2015, 9:09
Оқылды: 27

Тасқалалық ардагер марапатталды

Taskala ashigaliev   Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығына орай Аудан әкімі Санжар Әлиев бастаған бір топ атқамінерлер «Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі» Сатыбалды Ашығалиев ағайдың үйінде болып, ардагерге мерекелік медаль табыстады.

Біраз жыл денсаулық жағдайына байланысты төсек тартып қалған Сатыбалды ағай бігінде тың көрінеді. Келген қонақтарды күліп қарсылап, дастарханға шақырды. Аудандық «Екпін» қоғамдық-саяси газетін көптеген жылдар басқарған қайраткердің еңбегі елеусіз қалған емес. «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағы да осының белгісі. Ардагер журналист өткенінен естеліктер айтып, келгендерге шексіз алғысын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Рауан ТАҢАТЖАНҰЛЫ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале