29.10.2016, 12:40
Оқылды: 36

Тасқалаға дейінгі тас жол тoлықтай ашылады

screenshot_2016-10-30-14-25-51-1Өңір басшысы Алтай Көлгінов Орал-Тасқала бағытындағы жол жөндеу жұмыстарының жай-күйімен танысты.


- Биыл Елбасы тапсырмасына сай өңіріміздегі республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге 10,5 миллиард теңге бөлінді. Оған 105 километр жол жөнделді. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға 6 миллиард теңге қарастырылды. Ол қаржыға 140 километрден астам жол жөнделді. Бұл біздің өңіріміз үшін мемлекет тарапынан үлкен қолдау. Биыл Орал – Тасқала бағытындағы жолды 36 шақырымына дейін жөндеу жоспарланған. Қазіргі жұмыс қарқыны жоспарға сай. Бұл жолдың бұрынғы ені жеті метр болса, қазір тоғыз, кей жерлерінде 16 метрге дейін кеңейтілуде. Жолдың сапасы да күшейтілуде. Жолдың бұл учаскесі Елбасымыздың «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жөнделуде. Биыл осы жұмысқа 5 миллиард 900 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл бағыттағы жөндеу жұмыстары 2018 жылы аяқталады. Ресей шекарасына дейін барлығы 100 километр жол жөнделмек. Жоба бойынша 23,5 миллиард теңге қаралған. Республикалық маңызы бар бұл жолмен ауыр жүк көліктері қатынайды. Сондықтан жөнделген жолдың сапасына қойылар талап та жоғары. Бүгінгі таңда Жаңақала, Қаратөбе аудандарындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта жолы жөнделмеген Бөкей ордасы, Жәнібек, Қазталов аудандары қалды. Тегіс жол Қазталов ауданының орталығына да барды. Бұл бағыттағы жұмыстар келесі жылы да жалғасады. Сонымен қатар Орал - Орынбор бағытындағы жолды жөндеу мәселелері бойынша министрлікпен келісім жасаудамыз, - дейді өңір басшысы Алтай Сейдірұлы.
Орал-Тасқала бағытымен Ресей шекарасына дейінгі жолды жөндеу жұмыстары бойынша бас мердігер «Uniserv» ЖШС-ның бас инженері Николай Кондопулоның айтуынша, қазіргі уақытта аталмыш учаскеде 240 адам, 70 шақты техника жұмыс жасауда. Оның есебі бойынша, екі аптадан кейін облыс орталығынан Тасқалаға дейінгі тас жол толықтай ашылады. «Uniserv» ЖШС жөнделген жолдың сапасына бес жылға дейін кепілдік береді.

Нұртас Сафуллин

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале