26.09.2016, 9:43
Оқылды: 38

Тасқала ауданында 70 млн теңгенің тендерге қатысты келісімі бұзылды

taskala-korup  Тасқала ауданында жыл басынан бері әлеуметтік-экономикалық салада 260 заңбұзушылық анықталды  деп хабарлайды www.inform.kz сайты.

 Аудан прокуроры Арон Ақпановтың айтуынша, осы кезеңде 403 азаматтың конституциялық құқығы қорғалып, 75 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды. 15 млн теңгеден астам залал өндіріліп, 24 млн астам теңгені құрайтын мүлік мемлекетке қайтарылды.


 Түрлі мекеме-ұйымдарда еңбек ететін 54 қызметкердің құқығы қорғалып, прокуратураның араласуымен 3,5 млн. астам теңге жалақылары төленді.

  Кадастрлық құны 19,6 млн астам теңге болатын 1280 га 4 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ бұрын жекешеленген 2 тұрғын үй мемлекетке қайтарылып, прокурорлық ықпал ету актісімен аудан әкімдігінің қызметкері сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша жауапқа тартылды.

   «Мектепке дейінгі ұйымдарды тексеру барысында балаларды балабақшаға жолдау кезегі бұзылып, тамақтану талаптарының сақталмайтыны белгілі болды. Прокурорлық тексерулер нәтижесінде балабақшаларда ас мәзірлері қалыпқа келтірілді. Мемлекеттік сатып алу саласында 450 мың теңгенің негізсіз жұмсалғаны анықталды. Мемлекеттік сатып алу бойынша барлығы 70 млн теңгені құрайтын келісім-шарт бұзылды», деді А.Ақпанов.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале