25.12.2015, 21:24
Оқылды: 29

Тасқала ауданы активі Елбасы Жолдауын талқылады

Taskala elbasi joldaui   Аудан  әкімдігінің  мәжіліс залында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму  атты Жолдауын іске асыру барысына арналған актив жиыны өтті.

Аудан әкімі С.Әлиев төрағалық еткен аталмыш жиынға  аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов пен аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, сондай-ақ  депутаттар, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер және саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен көшбасшы жастар қатысты.


Жиында алғаш сөз алған аудан әкімі, -Президент Жолдауының  ел дамуында алар орны ерекше.  Елбасымыз биылғы Жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуды бірінші орынға қойып отыр. Қазіргі таңда дүние жүзіндегі дағдарысқа байланысты Елбасының тапсырмасы бойынша  одан өтудің жолдары қарастырылып, дағдарысқа қарсы алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы қабылданды және «100 нақты қадам» жоспары жүзеге асырылып жатыр. Жалпы біздің мақсатымыз: дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Сол себепті берілген тамсырмаларды орындау үшін, жұмылған жұдырықтай жұмыс жасауымыз қажет, - деді Санжар Жұматайұлы.

Сондай-ақ аудан басшысы мүлікті жария етуге байланысты уақыттың тағы бір жылға ұзартылғанын тілге тиек ете келіп, барлық ауылдық округ әкімдеріне осы іспен жұмыстану жөнінде тапсырма берді

Одан әрі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р. Мүсәлімова, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастамбекова, «Тасқала Аққу» ЖШС  директоры Қ.Тасқалиев, Тасқала колледжі директорының орынбасары А.Мустафин, мәдениет үйі жанынан құрылған славян халқы әндерін орындайтын «Надежда» тобының мүшесі   Г.Жигальцева,  Оян орта мектебінің мұғалімі Қ.Рахметов  Елбасы Жолдауын  туындайтын тың істерді тілге тиек етті.

Жиын соңында аудан активінің қарары қабылданды.

www.zhaikpress.kz  

Есенжол САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале